«ЖОЛ АПАТЫНАН САҚ БОЛАЙЫҚ!» акциясы өтті

Жетісай ауданының полиция бөлімі балалардың көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріп-тұруына байланысты бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен біргелікте мектептерге баратын жолдардың талапқа қаншалықты сай келетінін аралап көрді. Іс-шараның мақсаты – мектеп оқушыларының жолдан жүріп өту кезінде орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Шоқан Уәлиханов атындағы мектептің алдында балаларға арналған жүріп өту жолақтары мен бағдаршамның жоқ болып шықты. Жетісай аудандық полиция бөлімінің аға инспектор лейтенанты Қылышбек Тұрмағанбетов түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Он күн аралығында әрбір мектептерді аралап, жол белгілерін қайта жаңғырту, жол белгілерін орнату және сызу жөнінде аудан әкімдігінен ұсыныстар жіберіледі. Жетісай ауданында 73 мектеп орналасқан. Сондай-ақ, ауылдық елді мекендерден де ұсыныстар түскен. Мысалы, Абай елді мекенінде бағдаршам жаңадан орнатылды. Шаблан Ділдабеков елді мекенінде де жаңартулар енгізілді. Қаланың ішіндегі көше қиылыстарына бағдаршамдар орнатылды. 2021 жылы бес бағдаршам, 2022 жылы мектептер шоғырланған жерлерге тағы да орнатамыз. Осы жылы ешқандай баларды жазым еткен жол оқиғасы тіркелмеді. Өткен жылмен салыстырған мүлде жоқ десек те болады. Жетісай ауданының полиция бөлімінің 20 қызметкері бар. Әр мектепке екі қызметкерден бөлінген. Таңғы уақытта балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бағдаршамның жанында реттеп тұрады. Сондай-ақ, түс уақытта және кешкісін бақылайды.

Негізі, Жетісай ауданында ең жиі орын алатын көлік оқиғасы 3 жер белгіленген. Ол өзіміздің карточкамызда нақтыланған.Яғни, ол жер Асықата өңіріндегі екі жерінде, Қарақай ауылдық округі мен Жетісай ауданының екі орталығында. Аталған орындарда көп жол апаттары орын алатындықтан жол белгілері мен бағдаршамдарды орнатып, қатаң бақылауда ұстап отырмыз. Бақылаудан кейін ешқандай көлік апаттары орын алып жатқан жоқ. Жиі орын алу себебі біздің жасөспірімдердің жүргізуші куәлігін оқымай алу, үйінен айдап кетуі. Барлығы осы себептерге келіп тіреледі.

 Арайлым РЫСҚҰЛ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған