«Биология әлемі» үйірмесі ғылымға бастар жол

«Биология әлемінде» үйірмесі – табиғат сырын танып-білуге құштар оқушылардың сүйікті ғылыми алаңы.

Үйірменің басты мақсаты – жас зерттеушілердің биология ғылымына қызығушылығын арттырып, олардың тәжірибелік дағдыларын дамыту.

Үйірме сабақтары барысында оқушылар тек теориямен шектелмей, зертханалық жұмыстар жүргізеді, микроскоппен жұмыс істеуді үйренеді, табиғи құбылыстарға бақылау жасайды. Әр сабақ – кішкентай ғылыми жаңалыққа толы тәжірибе.

 Үйірме жұмысының ерекшелігі – оқыту мен тәжірибенің ұштасуы. Оқушылар жасуша құрылысын зерттеп, өсімдіктердің тіршілік әрекетін бақылайды, адам ағзасының жүйелері туралы білімін тереңдетеді. Мұндай жұмыстар олардың логикалық ойлауын дамытып, ғылыми тілде сөйлеуге үйретеді.

Үйірме экологиялық тәрбиеге де ерекше мән береді. Оқушылар табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау, тірі ағзаларға жауапкершілікпен қарау туралы білім алады. Бұл — болашақта саналы азамат қалыптастырудың маңызды қадамы.

Үйірме экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ерекше мән береді. Оқушылар табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау, тірі ағзаларға жауапкершілікпен қарау туралы білім алады.

 Үйірме мүшелері ғылыми жобалар байқауына қатысып, түрлі деңгейдегі сайыстарда жетістіктерге жетіп жүр. Бұл олардың білімге деген құштарлығын арттырып, болашақ мамандық таңдауға бағыт береді.

«Биология әлемінде» үйірмесі — оқушыны ізденуге, зерттеуге және ғылымға қадам жасауға жетелейтін білім мен тәжірибе орталығы.

Ұ.Аманова

№10 «Қайнар»мектеп-гимназия»

КММ Қосымша білім беру педагогы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *