«Жас маман – жарқын болашақ»

Қоғамның дамуы мен өркендеуі тікелей білімді, бәсекеге қабілетті ұрпақтың қалыптасуына байланысты. Ал сол ұрпақты тәрбиелеп, білім нәрімен сусындататын басты тұлға – ұстаз. Сондықтан жас педагогтердің кәсіби тұрғыда дамуы, олардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау және заманауи талаптарға сай білікті маман болып қалыптасуына жағдай жасау – бүгінгі білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі.

  Осы мақсатта «Қ.Дәрімбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектеп» білім беру ұйымында жас мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру, олардың шығармашылық әлеуетін қолдау және тәжірибе алмасуына мүмкіндік беру мақсатында «Жас маман – жарқын болашақ» атты сайыс ұйымдастырылды. Аталған шара – жас педагогтердің өзін-өзі танытуына, жаңа идеяларын жүзеге асыруына және кәсіби тұрғыда өсуіне жол ашатын маңызды алаң болды.

Сайыс барысында қатысушылар өздерінің жан-жақты дайындық деңгейін, жаңашылдығын және шығармашылық ізденісін айқын көрсете білді. Әрбір жас ұстаз заман талабына сай білім беру әдіс-тәсілдерін тиімді пайдаланып, оқыту үдерісіне тың серпін әкелетінін дәлелдеді. Қатысушылар таныстыру кезеңінде өздерін еркін таныстырып, кәсіби ұстанымдары мен педагогикалық көзқарастарын жеткізе алды.

Ашық сабақ кезеңінде жас мамандар оқу үдерісін ұйымдастырудағы шеберліктерін көрсетіп, оқушылармен тиімді қарым-қатынас орната білетіндігін байқатты. Заманауи технологияларды пайдалану, оқытудың белсенді әдістерін енгізу, оқушылардың қызығушылығын арттыру – олардың басты ерекшеліктерінің бірі болды. Сонымен қатар педагогикалық жағдаяттарды шешу кезеңінде қатысушылар түрлі ситуацияларда дұрыс шешім қабылдай алатынын, кәсіби біліктілігі мен тапқырлығын көрсетті.

Өнер көрсету кезеңі сайыстың ерекше әрі әсерлі бөлігі болды. Бұл бөлімде жас ұстаздар тек мұғалім ғана емес, жан-жақты, шығармашыл тұлға екенін дәлелдеп, өздерінің өнерге деген бейімділігін паш етті. Мұндай кезеңдер ұстаздардың сахна мәдениетін қалыптастырып, олардың өзіне деген сенімін арттыра түседі.

Қазіргі таңда ұстаз – тек білім беруші ғана емес, ол – бағыт беруші, тәлімгер, ұйымдастырушы және жаңашыл тұлға. Жас педагогтер осы талаптарға сай болуға ұмтылып, үздіксіз ізденіс үстінде екенін сайыс барысында айқын көрсетті. Олардың білім сапасын арттыруға деген жауапкершілігі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі мен адалдығы ерекше қуантады.

Мұндай сайыстар жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттырып қана қоймай, олардың өзара тәжірибе алмасуына, жаңа идеялармен бөлісуіне және шығармашылық байланыс орнатуына ықпал етеді. Сонымен қатар бұл шаралар педагогтердің бойындағы көшбасшылық қабілеттерін дамытып, болашақта білікті ұстаз болып қалыптасуына берік негіз қалайды.

Жас мамандар – ел болашағының тірегі, білім мен ғылымның дамуына үлес қосатын негізгі күш. Сондықтан оларды қолдау, бағыттау және шабыттандыру – әрбір білім беру ұйымының басты міндеті. Осындай игі бастамалар арқылы жас ұстаздардың қанаты қатайып, кәсіби тұрғыда биік белестерді бағындыратыны сөзсіз.

Қорытындылай келе, «Жас маман – жарқын болашақ» атты сайыс – жас педагогтердің шеберлігін шыңдап, олардың кәсіби дамуына серпін берген маңызды шаралардың бірі болды. Бұл сайыс әр қатысушы үшін үлкен тәжірибе мектебі болып, болашақ жетістіктеріне жол ашты.Сайыс нәтижесінде қатысушылар түрлі номинациялар бойынша марапатталды: «Үздік жас маман», “Шығармашыл мұғалім”, “Болашақ көшбасшы”, “Заманауи педагог”, “Креативті ұстаз”.                                                                                                                         

Саулекул ИБРАЕВА,

«Қ.Дәрімбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық  мемлекеттік мекемесінің директордың оқу-тәрбие жұмысы  жөніндегі орынбасары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *