«Қ.Дәрімбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Білім беру үдерісінде жасанды интеллектінің мүмкіндіктері» тақырыбында өткен аудандық семинар аясында бастауыш сынып мұғалімі 2«А» сынып оқушыларымен қазақ халқының ауыз әдебиетінің көрнекті үлгілерінің бірі «Ұр, тоқпақ» ертегісі тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың негізгі мақсаты- оқушыларға ертегінің мазмұнын таныстыра отырып, адалдық пен әділдікке тәрбиелеу. Мұғалім сабақ құрылымын жүйелі жоспарлап, әр кезеңді бір-бірімен шебер байланыстырды. Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында сабаққажасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдаланды. Жұптық, топтық жұмыстары арқылы балалардың ынтымақтастығы артып, белсенділігі жоғары деңгейде байқалды. Сараланған тапсырмалар әр оқушының мүмкіндігін ескеріп, оқу мақсатына толық жетуге ықпал етті. Осындай мазмұнды ашық сабақтар оқушылардың рухани дамуына ықпал етті. Ұлттық мұраны ұлықтайтын тағылымды сабақ болды.Ашық сабаққа қатысқан әріптестер тарапынан оң пікірлер айтылып, сабақтың жоғары деңгейде өткендігін атап, ризашылығын білдірді.Сабақ- мұғалімніңкәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісінің нақты көрінісі болды. Мұғалімнің бір ауыз жылы сөзі- бала өміріне жол ашады, ал сол жолдың жарық болуы, ұстаз жүрегінің жылуында. Егизбаев Гүлмира Амзеханқызына шығармашылық шабыт пен толағай табыс тілейміз!
Гүльмира ЕГИЗБАЕВ,
«Қ. Дәрімбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып пәні мұғалімі.
