2026 жылдың 17 сәуір күні физика пәні бойынша «№10 Зертханалық жұмыс: Шынының сыну көрсеткішін анықтау» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақты физика пәнінің мұғалімі Жадыра Келдибекова өткізді. Сабақтың негізгі мақсаты – оқушыларға жарықтың сыну құбылысын тәжірибе арқылы түсіндіру, шынының сыну көрсеткішін анықтау әдістерін меңгерту және зертханалық жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру болды.

Сабақ барысында оқушылар теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, жарық сәулесінің екі орта шекарасындағы таралу ерекшеліктерін бақылап, өлшеу жұмыстарын жүргізді. Арнайы құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, түсу және сыну бұрыштарын өлшеп, есептеулер арқылы шынының сыну көрсеткішін анықтады.
Ашық сабақта оқытудың заманауи әдіс-тәсілдері қолданылып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мен белсенділігі артты. Топтық және практикалық жұмыстар арқылы білім алушылар өзара ынтымақтастықта жұмыс жасап, ғылыми-зерттеу дағдыларын дамытты.

Сабақ өз мақсатына жетіп, оқушылар физикалық құбылыстарды тәжірибе жүзінде зерттеудің маңызын түсінді. Мұндай ашық сабақтар оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырып, жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығын нығайтады.
Гүлмира БУЛЕКБАЕВА,
І.Жансүгіров мектебінен бірлестік жетекшісі.
