Халықаралық балаларды қорғау күні – бұл баршамызға балаларды қорғаудың, олардың қауіпсіздікте болуының , амандығының маңыздылығын еске салатын күн. Балалардың қауіпсіз әрі сүйіспеншілікке толы ортада тәрбие алып, дамуына қолайлы ахуал құру үшін біз жауаптымыз. Балалар біздің болашағымыз , оларды қорғау біздің басты міндеміміз.
Балалар – еліміздің болашағы, ұлтымыздың үміті. Әрбір бала бақытты өмір сүріп, сапалы білім алып, қауіпсіз ортада өсуге құқылы. Баланың тәрбиелі, мейірімді және саналы болып өсуі ең алдымен ата-ананың берген тәрбиесіне байланысты. Сондықтан «Адал ата-ана – қауіпсіз балалық шақ» тақырыбы қазіргі қоғам үшін өте маңызды.

Отбасы – баланың ең алғашқы тәрбиелік ортасы. Ата-ананың айтқан сөзі, жасаған ісі, мінез-құлқы балаға тікелей әсер етеді. Егерата-анаадал, еңбекқор, жауапкершілігі мол болса, бала да солқасиеттердібойынасіңіреді. Үлкенгеқұрмет, кішігеізеткөрсету, шыншыл болу, тәртіпсақтау – мұныңбарлығыотбасындағытәрбиеденбасталады.
Қауіпсізбалалықшақ тек материалдықжағдайменғанаөлшенбейді. Баланыңөзінеркінсезінуі, ата-анасыныңқамқорлығынкөруі, зорлық-зомбылықтанқорғалуы да өтемаңызды. Балағауақытбөліп, оныңойынтыңдап, қиынсәттеқолдаукөрсету – әрата-ананыңміндеті.
Қазіргі таңда балалардың интернетке тәуелділігі, зиянды ақпараттардың көбеюі сияқты мәселелер де алаңдатады. Сондықтан ата-аналар баласының кіммен араласатынын, қандай ақпарат қарайтынын бақылап, дұрыс бағыт беруі керек. Баламен ашық сөйлесіп, сенімді қарым-қатынас орнату – қауіпсіздіктің кепілі.
Балалар күні – бүлдіршіндерге қуаныш сыйлайтын ерекше мереке. Бұл күн бізге әр баланың бақытты өмір сүруге лайық екенін еске салады. Балалардың жарқын болашағы үшін әр ата-ана адалдық пен мейірімділікті басты орынға қоюы қажет.
Қорытындылай келе, адал ата-ана тәрбиелеген бала – елдің мақтанышы. Балаларымызаман, балалықшағықауіпсізболсын!
Оралай САДЫБАЕВА,
Хиуаз Доспанова атындағы № 28 ЖББМ КММ қосымша білім беру педагогы.
