Skip to content
Басты бет / Жаңалықтар / «Зерде» олимпиадасы – білім мен ізденіс алаңы

«Зерде» олимпиадасы – білім мен ізденіс алаңы

11 қаралым

  Мектебіміздің 6-сынып оқушылары «Зерде» республикалық олимпиадасына белсенді қатысып, өздерінің білімдері мен ізденімпаздықтарын көрсетті. Олимпиада барысында оқушылар түрлі тапсырмаларды орындап, логикалық ойлау, шығармашылық және танымдық қабілеттерін шыңдады. Оқушылар берілген тапсырмаларды орындау барысында мектепте алған білімдерін тиімді пайдаланып, өз мүмкіндіктерін сынауға мүмкіндік алды. Олимпиада жас білімпаздардың бойындағы жауапкершілік, табандылық, ұқыптылық және алға қойған мақсатына жетуге деген жігер секілді маңызды қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етті. «Зерде» республикалық олимпиадасына қатысу – оқушылар үшін үлкен тәжірибе мектебі. Себебі мұндай білім сайыстарында оқушылар тек пәндік білімдерін көрсетіп қана қоймай, уақытты тиімді пайдалануды, тапсырмаларды мұқият талдауды, өздігінен шешім қабылдауды және қиындықтарды жеңе білуді үйренеді. Әрбір тапсырма олардың ойлау қабілетін жетілдіріп, білімге деген қызығушылығын одан әрі арттырды.

Оқушыларды олимпиадаға дайындап, бағыт-бағдар берген жетекшісі – Д. Санакулова. Ұстаздың жүйелі дайындығы мен еңбегінің арқасында шәкірттеріміз білім додасында белсенділік танытып, арнайы сертификаттармен марапатталды.Мектеп директоры: Г. Умбетаева оқушыларды жетістіктерімен құттықтап, олардың алдағы уақытта да білім биігінен көріне берулеріне тілектестігін білдірді. Сонымен қатар оқушылардың талабын ұштап, олимпиадаға сапалы дайындаған жетекшіге алғысын жеткізді.

Осындай зияткерлік сайыстарқызығушылығын арттырып, өз күшіне деген сенімін нығайтады. Жас білімпаздарымызға алдағы жарыстарда толағай табыс, биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз!

Д. САНАКУЛОВА,

№44 «Жаңа дала» жалпы білім  беретін коммуналдық мемлекеттік  мекемесінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.