
«Н.Төреқұлов атындағы №13 жалпы білім беретін мектеп» КММ оқушылары «Махамбет оқулары» ғылыми-шығармашылық конкурсының облыстық кезеңінде өнерлері мен шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетіп, қос бірдей жүлделі ІІІ ОРЫНДЫ иеленді!
Аудандық кезеңде топ жарып, І орынмен облысқа жолдама алған қос дарынды шәкіртіміз облыстық додада да мектеп абыройын асқақтатып, мерейімізді өсірді!
«НАРЫНДА» – СУРЕТ ӨНЕРІНДЕГІ ЖЕТІСТІК!
Махамбет шығармаларының терең мазмұнын қылқалам құдіретімен бейнелеп, ақын рухын бояулар әлемінде сөйлете білген талантты оқушымыз ОСПАН ДИНА облыстық кезеңде ІІІ ОРЫН иеленді! Жетекшісі: Турмаханбетова Калия Калдыбайқызы.
«ШАШАҚТЫ НАЙЗА, ШАЛҚАР КҮЙ» – КҮЙ ҚҰДІРЕТІН АСҚАҚТАТҚАН ЖЕҢІС!
Махамбеттің өр рухты күйлерін шебер орындап, ұлттық өнердің тереңдігін сезіндіре білген дарынды шәкіртіміз ЭСИМХАН АЗАМАТ облыстық байқауда ІІІ ОРЫНДЫ жеңіп алды! Жетекшісі: Сегизбаева Жулдызай Дуйсенбайқызы.
ЕКІ ӨНЕР – ЕКІ ТАЛАНТ – ЕКІ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН!
Бұл – жай ғана жүлде емес, жас дарындардың табанды еңбегінің, өнерге деген сүйіспеншілігінің және ұстаздарының тынымсыз ізденісі мен кәсіби шеберлігінің жемісі. Бірі Махамбет рухын қылқаламмен өрнектесе, екіншісі күй құдіретімен жүректерге жеткізді. Бірі бояумен сыр шертсе, екіншісі домбырамен жыр төкті. Екеуінің де мақсаты бір – ұлт мұрасын ұлықтап, туған мектебінің абыройын асқақтату! ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІМІЗДІ ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Оспан Дина мен Эсимхан Азаматқа шығармашылық шабыт, сарқылмас жігер, толағай табыс тілейміз!
Дарынды шәкірттерді үлкен өнер додасына дайындап, жеңіс тұғырына жетелеген жетекшілері Турмаханбетова Калия Калдыбайқызы мен Сегизбаева Жулдызай Дуйсенбайқызына шынайы алғысымызды білдіреміз!
Махамбеттей өр рухты ұрпақтың өнері өрге жүзсін! Жас таланттардың жеңісті жолы жалғасып, алар асулары биік болсын!
ӨНЕРЛІ ҰРПАҚ – ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ!
Индира МАХАНОВА,
«Н.Төреқұлов атындағы №13 ЖББМ» КММ педагог-ұйымдастырушы.
