Skip to content

«Алтын сақа»

20 қаралым

«Алтын сақа» олимпиадасының бас жүлдегері – Тулаған Айсұлтан! Мектебімізде білімді де алғыр оқушылардың жетістіктері қуанышпен аталып өтуде. Соның жарқын дәлелі – «Алтын сақа» олимпиадасының мектепішілік кезеңінде бас жүлделі орынға ие болған оқушымыз Тулаған Айсұлтанның жетістігі. «Алтын сақа» олимпиадасы – оқушылардың математикалық сауаттылығын, логикалық ойлау қабілетін, тапқырлығы мен білімін шыңдайтын маңызды білім додасы. Осындай сайыста жоғары нәтиже көрсету – оқушының ізденімпаздығы мен білімге деген құштарлығының жемісі. Тулаған Айсұлтанның бұл жетістігі – табандылық пен еңбектің нәтижесі. Оқушымыздың алар асуы әлі алда екеніне сеніміміз мол. Білім жолындағы әрбір қадамы сәтті болып, биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз! Осы жетістікке жетуіне қолдау көрсеткен ұстаздары мен ата-анасына алғыс білдіреміз. Айсұлтанның білімге деген ынтасы артып, алдағы уақытта да талай жеңістің тұғырынан көрінуіне тілектеспіз! Жеңісің құтты болсын, Айсұлтан! Білім биігін бағындырып, мектебіміздің мерейін асқақтата бер!

Жанат ПРИМБЕТОВА,

Сынып жетекшісі.