Skip to content
Басты бет / Жаңалықтар / Салауатты өмір салты – жарқын болашақ кепілі

Салауатты өмір салты – жарқын болашақ кепілі

19 қаралым

23- қазан күні Қазыбек би ауылдық округі, Қазыбек би ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Салауатты өмір салты – жарқын болашақ кепілі» атты нашақорлыққа қарсы дөңгелек үстел  өтті. Мақсаты – Жастар мен қатысушыларға нашақорлықтың адам өміріне, денсаулығына және қоғамға тигізетін зияны туралы түсінік беру. Салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, зиянды әдеттердің алдын алу, есірткіге қарсы көзқарасты қалыптастыру және жастардың жарқын болашаққа деген сенімін арттыру. Дөңгелек үстелімізге ауыл жанашырлары, футбол, бокс жаттықтырушылары және мәдениет үйінің қызметкерлері қатысты. Дөңгелек үстелімізде Нашақорлық туралы қысқаша түсіндірілді. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастырудың маңыздылығына тоқталды. Атап айтқанда, спортпен тұрақты шұғылдану, өнер үйірмелеріне қатысу, мәдени-көпшілік іс-шараларға белсенді араласу және пайдалы істермен айналысу жастардың өмірлік ұстанымын қалыптастыруға ықпал ететіні айтылды. Мәдениет үйінің директоры Малжанова Ұлбосын жүргізді.

Бекзат ӘБДІКӘРІМ,

Қазыбек би ауылдық мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы.