
» Қ. Дәрімбаев атындағы 41 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Республика күніне орай мектебіміздің әкімшілігі мен мектеп парламентінің оқушылары ауылымыздың тыл ардагері Бақтыбаева Жұпар әженің шаңырағына арнайы барып,хал жағдайын сұрап, ақжарма тілектерін білдіріп сый — сияпат табыстады.
Бұл кездесу- аға буынға деген құрмет пен ізеттің, мейірім мен адамгершіліктің жарқын көрінісі. Өйткені өнегесін бойына сіңірген ардақты әжелеріміздің өмір жолы — кейінгі ұрпақ үшін баға жетпес қазына, тағылымы мол тәрбие мектебі.
Жұпар әкемізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, көңіл тыныштығын тілейміз! Әрдайым ортамызда аман — есен жүріп,ұрпақтарының қызығы мен қуанышына бөлене берсін.
Үлкенге құрмет көрсету — ұрпақтың ұлағатты парызы.
У. КУДАЙБЕРГЕНОВА,
Қ. Дәрімбаев атындағы мектептің аға вожатыйы.
