Skip to content
Басты бет / Жаңалықтар / Қапты бар үйдің қазынасы бар,қариясы бар елдің өнегесі бар!

Қапты бар үйдің қазынасы бар,қариясы бар елдің өнегесі бар!

12 қаралым

  » Қ. Дәрімбаев атындағы 41 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Республика күніне орай мектептің әкімшілігі мен мектеп парламентінің оқушылары ардагер ұстаз 40 жылдан астам уақыт бойы мектеп кітапханасында табанды еңбек еткен Ибраева Айгүл апайдың шаңырағына арнайы барып, хал- жағдайын сұрап мерекелік сый- сияпаттарын табыстады.

  Ұзақ жылдар бойы білім ордасының рухани байлығын арттырып, талай ұрпақтың кітапқа деген сүйіспеншілігін оятқан Айгүл апайдың еңбегі — кейінгі буынға үлгі өнегесі — ұрпаққа аманат. Кітапхана — білім мен тәрбиенің ордасы болса, сол орданың шырағын жаққан жандардың еңбегі әрдайым құрметке лайық. Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың бойына үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу, ізеттілік пен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады. Өйткені үлкенге құрмет көрсету — халқымыздың асыл дәстүрі,ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісі.

  Айгүл апайға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр,отбасына амандық, көңіліне шаттық тілейміз! Әрдайым ұрпақтарының

ортасында сый құрметке бөленіп, мерейі үстем болсын!

  Қарияларымыз аман болсын! Ақ баталарыңыз бен өнегелі жолдарыңыз әрдайым бізге бағдар болсын!

У.КУДАЙБЕРГЕНОВА,

Аға вожатый .