Skip to content
Басты бет / Жаңалықтар / Мейірім мен қамқорлық — жүректен!

Мейірім мен қамқорлық — жүректен!

10 қаралым

 Республика күніне орай » Қ. Дәрімбаев атындағы 41 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектеп әкімшілігі мен мектеп парламентінің оқушылары үйде білім алатын , ерекше білім беруді қажет ететін оқушымыз Бекбаулов Нұрасылдың  үйіне барып, тәттілер сыйлап,көңілін көтеріп қайтты.

  Ізгілікке толы бұл кездесу — оқушыларға  мейірімділік пен жанашырлық тың қамқорлық пен достықтың  маңызын тағы бір мәрте ұғындырды . Әрбір бала назар мен жылулыққа лайық. Осындай игі істер арқылы оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді дарытып  жүректеріне ізгілік нұрын себу- басты мақсатымыз.

  Нұрасылға зор денсаулық, көтеріңкі көңіл күй, шаттық пен қуаныш тілейміз

   Мейірім сыйлау- ең үлкен бақыт!

У. КУДАЙБЕРГЕНОВА,

Қ. Дәрімбаев атындағы мектептің  аға вожатыйы.