Skip to content
Басты бет / Жаңалықтар / Қазыналы қарттарға құрмет, ұрпаққа өнеге!

Қазыналы қарттарға құрмет, ұрпаққа өнеге!

9 қаралым

 Республика күніне орай » Қ. Дәрімбаев атындағы 41 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектеп әкімшілігі мен мектеп парламентінің оқушылары ардагер ұстаз, зейнеткер Шыңғысбаева Хадиша апайдың шаңырағына арнайы барып, хал- жағдайын сұрап, ақжарма тілектерін жеткізіп, сый- сыяпат табыстады.

  Бұл игі шараның басты мақсаты- ардақты ардагерлерімізге құрмет көрсету, олардың еңбегін бағалау, үлкенге ізет , кішіге өнеге боларлық ізгі дәстүрді дәріптеу.

  Қарияларымыз — өмірдің мәнін ұғындыратын, өткенің өнегесін бүгінге жеткізетін асыл қазынамыз.Оларға құрмет көрсету — баршамыздың адамдық парызымыз.

   Хадиша апайымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық,көңіліне шаттық тілейміз! Әрдайым ортамызда аман — есен жүріп, ұрпақтың құрметіне бөлене берсін!

  Үлкенге құрмет — ұрпаққа міндет, қарттарға қамқорлық — адамгершіліктің белгісі!

У. КУДАЙБЕРГЕНОВА,

Қ. Дәрімбаев атындағы мектептің  аға вожатыйы.