Skip to content
Басты бет / Жаңалықтар /  Ұлды  тәрбиелегені — халықты тәрбиелегені

 Ұлды  тәрбиелегені — халықты тәрбиелегені

15 қаралым

 “Қазымбет Дәрімбаев атындағы №41 мектепте маңызды жиын — «Әкелер отырысы» өтті!

Жиынның басты тақырыбы: «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» болды.

Бүгінгі таңда бала тәрбиесі тек мектептің ғана емес, отбасының, әсіресе әкелер қауымының бірлескен ортақ жауапкершілігі екені анық. Отырыс барысында балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың мінез-құлқындағы өзгерістерді ерте байқау, құқықтық сауаттылықты арттыру және жасөспірімдер арасындағы түрлі жағымсыз әрекеттердің алдын алу мәселелері жан-жақты талқыланды.

Жиынды қосымша білім беру педагогы Байтов Біржан жүргізіп, өзекті мәселелер бойынша ой қозғаса, мектептің әкелер кеңесінің төрағасы Қарабалаев Бәкір өз сөзінде әкелердің бала өміріндегі орны мен жауапкершілігіне ерекше тоқталды. Жиынға қатысқан әкелер және мектептің ұстаздары Б.Бекжанов, Е.Баймахан, Т.Достемесов,  Д.Үсентаев, Б.Әбдуев, Д.Мүслімов, А.Ташкенбай, Ә.Бәжен  өз пікірлерін ортаға салып, өзара тәжірибе алмасты.

«Ұл тәрбиелегені – халық тәрбиелегені». Өскелең ұрпақтың саналы, заңға құрметпен қарайтын, тұлға болып қалыптасуы жолындағы бұл бастама өз нәтижесін берері сөзсіз.

Ата-ана мен мектеп тығыз байланыста болғанда ғана жарқын болашаққа сеніммен қадам басамыз. Ортақ іске атсалысып жүрген барша әкелерге алғыс айтамыз!

Г.Даулетбаева,

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.