Skip to content
Басты бет / Жаңалықтар / Мейірім мен ізгілік — жүректен!

Мейірім мен ізгілік — жүректен!

16 қаралым

 Республика күніне орай » Қ. Дәрімбаев атындағы 41 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектеп әкімшілігі мен мектеп парламентінің оқушылары үйде білім алатын , ерекше білім беруді қажет ететін оқушымыз Кендебай Ақбота үйіне барып, тәттілер сыйлап, қуаныш сыйлады.

  Ізгілікке толы бұл кездесудің басты мақсаты — оқушымыз ҒА қолдау көрсету, көңілін көтеру және мейірімділік пен қамқорлықтың маңызын дәріптеу. Жылы жүздесу мен шынайы ықылас — адамға сайланатын ең қымбат сыйлықтардың бірі.Әрбір бала қамқорлық пен қуанышқа бөленуге лайық.

   Осындай игі істер арқылы оқушылардың бойына адамгершілік, жанашырлық пен қайырымдылық қасиеттерін сіңіру — басты міндетіміз.

   Мейірім бар жерде — жылулық бар! Жақсылық жасауға асығайық!

Құдайбергенова Ұлтай

Қ.Дәрімбаев атындағы мектептің директоры.