Туған өлке гүлдері

Оқу мақсатын негізге ала отырып  өз ойы мен сезімін көркем—бейнелі сөздерді қолдана отырып мұғалім көмегімен шығармадағыәдеби көркемдегіш құралдарды(теңеу,эпитет,кейіптеу)  табу.

Барлық оқушылар өлеңді алдымен түсініп оқып алады.Сөйлеу барысында көркем сөздерді қолданады.

Диалог құрып қажетті сөждерді құрады

Мен анама гүл сыйлағым келеді, себебі…

Адамдар қыздарды гүлдерге теңейді, себебі..

Гүлдерді танып бес жол өлең құрастырып оқушылар белсене қатысады. Гүлдердің пайдасы мен оларды күтіп, баптау жайында мәліметтермен танысады, оқушылар суреттерге қарап салыстыра отырып топтық жұмыс жасайды. Мен сабағымда «Пазл» әдісін тиімді пайдаланып оқушылар ға гүл атауларын топқа бөліп ұсындым, олар сол бойынша  гүл атауларын қолданды. Өздері құрастырған гүл туралы білетіндерін айтты.

Орхидея, Эдельвейс, Калли,  Жауқазын, Қызғалдақ, Раушан.

Сонан соң сабақта «Үштік» әдісін қолдана отырып сабақты жалғастырдық

Туған өлкем гүлдерімен көрікті, өйткені…

1

2

3

Саралау арқылы оқушылар бірін бірі тыңдап, өз ойларын толықтырып қабілеті төмен оқушылар ды қолдап, смайлик арқылы бірін бірі бағалайды.

Өлең жолдарын мәнерлеп оқып беремін оқушылар «Түртіп алу» әдісі арқылы өлеңдегі теңеу сөздерді теріп жазады дәптерге, гүл атауларын анықтайды және гүлдерге қатысты көркем сөздерді табады. Қабілеті жоғары оқушылар 4жолды өлең құрастырады. Алдын ала щлең ұйқастары беріледі

Үлгі:

Гүлім, гүлім……….

Әдемі боп………….

Күндей жайнап……….

Қызыл, сары………….

Қажетті сөздер:(жасыл боп, өсе бер, кете бер, асыл боп).

Тапсырма бірдей берілгенмен әртүрлі орындап шығады, өз ойларын айтады өлеңдерін оқып береді, бірін бірін бағдаршам арқылы бағалайды. Сабақ соңына таяу «Рефлексия» әдісі арқылы  анаға, ұстазға, досына сыйлайтын гүлдеріне көркем бейнелі сөздер көмегімен сипаттап бер деп (алдын ала берілген тапсырма) я тапсырма бойынша саралау жұмыстарын жүргізед.

«Бас бармақ» әдісі арқылы бірін бірі бағалайды. Сабақтың соңында «Түймедақ» әдісі арқылы  кері байланыс  жүргіземіз. Әр оқушы гүл аүлтелеріне сабақ туралы  ойларын жазып оқиды.

Әдемі гүлдер жайлы фотолар тақтада ілініп тұрады. Оқушылар туған өлкеміздің әсем гүлдерімен танысып  , олар жайлы көптеген мағлұматтар біледі.

Сергіту сәтінде Гүлдер жайлы ән тыңдап көңілдері көтеріліп қалды. Әр шәкіртім мен үшін ашылып келе жатқан гүлге ұқсайды. Зейінді, адал азаматтар болып өсе берсін

 Ең алдымен Отанды сүюді, туған табиғатымызды қорғауға     әр тасы мен  тауына, бақшс бауына жанашыр болып, әсем гүлдерді күтіп баптап қарап жүруге  ықыластары берік болсын.

Гүлмира Сейдаманова,

Ш. Уәлиханов атындағы №2 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *