Адамды адам еткен кітап,адамзат еткен кітапхана

               

       Кітап арқылы адамның білім алатынын, ой-санасы мен дүние танымы дамитынын көрсету. Жас ұрпақты кітап оқуға баулу, кітаптың рухани байлық екенін ұғындыру. Кітапхананың қоғамдағы орнын түсіндіру. Кітаптың тәрбиелік мәнін ашу.Кітапхананың білім мен мәдениетті сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізетін орын екенін ұғындыру.Кітапхананы адамзаттың өркениет пен тарихтың ошағы ретінде таныстыру. Кітапханаға бару, кітаппен дос болу мәдениетін дамыту.

         «Адамды адам еткен кітап, адамзат еткен кітапхана»-бұл қанатты сөз рухани байлықтың,білімі мен мәдениеттің маңызын анық сипаттайды.

«Адамды адам еткен кітап»- бұл бөлігінде кітаптың жеке тұлға ретінде адамды қалыптастырудағы рөлі айтылып тұр. Кітап-білімнің, тәрбиенің,парасаттылықтың қайнар көзі. Кітап оқу арқылы адам ой-санасын дамытады, көз-қарасын қалыптастырады, жан-дүниесін байытады.Кітапхана-білім мен тарихтың,ғылым мен өнердің жады. Әрбір ұлттың, бүкіл адамзаттың даму жолы сол кітапханаларда сақталады. Кітапхана- ұрпақтар арасындағы алтын көпір. Нағыз адам-ойлай білетін,ізденетін, өзін үнемі дамытып отыратын жан. Мұндай тұлға болу үшін ең алдымен білім керек, ал білімнің қайнар көзі кітап. Кітап адамға тек ақпарат қана беріп қоймайды, ол оның жан дүниесін байытады, жақсы мен жаманды, дұрыс пен бұрысты айыра білуге үйретеді. Біздің оқырмандарымыз өз білімдерін жетілдіру мақсатында кітапханаға келіп кітап оқиды және түрлі кітап оқу сайыстарына қатысады.

Кітап –тек парақ емес, ол даналық, тәрбие, шабыт. Әр кітап-жаңа ой, жаңа әлем, жаңа мүкіндік. Білім мен рухани байлыққа бірге  қадам басайық! Кітаппен дос бол-келешегің нұрлы болсын ! Біздің қоғам үшін ең басты міндет-жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Телефон мен теледидардан алыстап қолына кітап алған ұрпақ-ертеңгі сапалы өмірдің кепілі. Қорытындылай келе,кітаппен дос болайық, кітапханаға жиі баруды әдетке айналдырайық!

Саттарова Ақбаян Амангелдіқызы

Түркістан облысы Жетісай ауданы                                                                      

Ғ.Мұратбаев атындағы №61 ЖББМ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханашысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *