Үлкендерге көмектесу және оларды құрметтеу керектігін еске салатын Қарттар күні бүкіл қоғам үшін өте маңызды, сондықтан 1991 жылдан бері халықаралық деңгейде аталып келеді. Қарттар күні барлық жерде күздің екінші айының бірінші күні — 1 қазанда атап өтіледі. Бұл мереке Халықаралық мәртебеге ие.

Осындай мерекеде «Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ДТІЖО Нұрмағанбетов Нұрлыбек, педагог-психолог Рахимова Бибігүл және мен өзім мектеп-интернатында оқитын оқушылармен біргелікте бүгінгі жас буынға үздік үлгілі, өнегелі тәрбие, халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру, тәлім-тәрбиенің ата ақылымен берілетіндігін, үлкенді сыйлай білуге тәрбиелеу, сонымен қатар қайырымдылық — жақсылықтың бастауы екенін түсініп, үлкендерге мейіріммен қараудың маңызын ұғындыру, Қарттарға көңіл бөлу, құрмет көрсету арқылы оқушылардың адамгершілік қасиеттерін дамыту мақсатында Жетісай ауданы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандарымен байланыс жасап, ұстаздар қауымы демеушілік жасап, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға, жалғыз-басты қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, асыраушысынан айрылған және толық емес отбасыларға, аз қамтамасыз етілген ерекше қамқорлықты қажет ететін отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетілді. Осындай белсенді көмек көрсеткен ұастаздар мен жастарға қария апамыз Джанбосинова Ақша Сапаралиқызы өз ризашылығын шексіз жаудырып, ақ батасын берді.

Құрметті ардагерлер, Сіздер – өмірдің сан белесін өткеріп, ұрпаққа үлгі болған асыл қазынамызсыздар. Ақыл-кеңестеріңіз, сабырлы ойларыңыз, өмірлік тәжірибелеріңіз – біз үшін баға жетпес байлық. Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке, ырыс-несібе тілейміз!
Л.БАЙБОСЫНОВА,
Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының әлеуметтік педагогы.