Бүгінгі білім беру жүйесіндегі балаға пайдалы білім беру ең өзекті тақырыптардың бірі. Сол сапалы білім беру үшін алдымен оқу материалдарын тиімді қолдана білу мен жүйелі пайдалана білу қажет. Сабақ барысында ресурстарды жүйелі қолдана алу басты мәселе. Ресурстарға уақыт, оқу материалдары, мұғалімнің шеберлігі мен шәкірттің жұмсайтын күш-жігері болып табылады. Енді материалдарды жүйелі жоспарға сай қолдана алса, білім сапасы арта түседі.
Енді осы ресурстарды қалай тиімді қолдану керектігіне тоқтала кетейін, уақытты тиімді қолдану – сабақтың нәтижелі болуы мен еңбектің өнімді болуының басты әдісі . Сабақ жоспарын құру барысында уақыттың әрбір минутын тиімді қолданып, баланың өзіндік жұмыс жасауына мүмкіндік беру, уақытты жүйелеу.
Оқыту материалдарын дұрыс таңдай алу ең маңызды бөлшек. Көрнекі құрал, сызба,электронды оқулық, түрлі платформаларды өз кезегінде өтілетін тақырыпқа сай білім алушының қызығушылығын оята алатындай болуы шарт. Ақпараттық дамыған кезеңде технологияларды тиімді пайдалану оқушылардың қызығушылығын арттырып ғана қоймай, жаңа идеялар ойлап табуға септігін тигізеді. Өз білімін тексеру үшін түрлі онлайн тапсырмаларды орындап, өзі де жаңа тапсырма құрастыруға талпынады. Осы әдістерді қолдану барысында міндетті түрде мұғалім мен оқушының күш-жігері кетеді. Сол күшті пайдасыз емес пайдалы іс-әрекетке жұмсау да шеберліктің бір белгісі. Ол үшін оқушы мен мұғалімге топтық, саралау, жұптық тапсырмаларды беру мен орындау көмекке келе бастайды. Осы арқылы бағалауды да тиімді іске қоса білген жөн.

Ойымды қорытындылай келе, бұл жоғарыда айтылған әрбір әдіс пен ресурстар болашағымыздың тұтқасы балаларымыздың заманауи білім алуы мен келешектің керемет болуына үлес қоса алатынына сеніммен айта аламын. Мұғалімннің жоспарды дұрыс құра білуі шеберліктің шыңға шығып, жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді жүйелей алуы – шәкірттің сапалы білім, саналы тәрбие алуының кепілі. Баланың дербес ойлау білуі мен өзі шешім қабылдай алуына ықпал етуші құрал.
Нағима Нахаева,
Кенесары хан атындағы №62 ЖББМ. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.