«Махамбет оқулары» байқауы өтті

Қ.Дәрімбаев  атындағы №41 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  республикалық «Махамбет оқулары» байқауының аудандық кезеңі өтті. Оған ауданымыздың 77  жалпы білім беретін мектептерден 8-11 сыныптарынан 160 оқушы қатысып, бақ сынасты.

Байқаудың мақсаты — оқушылар арасында қазақ ақыны және батыры Махамбет Өтемісовтың шығармаларын насихаттау.

Жыр мен өнер додасы 5 номинация бойынша сарапқа салынды:

 «Ұлы арман» номинациясы (Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу);

       «Ел құтқарар ер едім…» (Махамбет шығармаларын жатқа оқу конкурсы);

     «Шашақты найза, шалқар күй» (Махамбет күйлерін орындаушылар конкурсы);

     «Тартынбай сөйлер асылмын…» (Жас ақындардың өз туындыларын мәнерлеп оқу конкурсы);     «Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» («Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар» тақырыбының бірін қорғау).

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер І, ІІ, ІІІ дәрежелі Дипломдармен марапатталып, облысқа жолдама алды.  ЖЕҢІМПАЗ ОҚУШЫЛАРҒА СӘТТІЛІК  ТІЛЕЙМІЗ!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *