«Демалыста кітап оқимыз» – ертегі мен өткен әсерлі сәт.

Бүгінгі жас – ертеңгі ел болашағы. Балалардың рухани дамуына ықпал ететін маңызды құрал – кітап. Осы орайда «Балалар кітапханасы» жобасы аясында күзгі демалыс кезінде мектебімізде бастауыш сынып оқушыларына арналған «Демалыста кітап оқимыз» атты ертегі оқу сағаты ұйымдастырылды. Оқу сағатына 2,3,4 сынып оқушылары қатысты. Мақсатымыз – балалардың бос уақытын мазмұнды өткізіп, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Әсіресе ертегі оқу арқылы оқушылардың қиялын дамыту, көркем сөйлеу тілін жетілдіру, тыңдау және ой бөлісу дағдыларын қалыптастыру көзделді.

Кітапханаға келген балалар ертегілер әлеміне саяхат жасап, қазақ халық ертегілері мен авторлық шығармалардан үзінділер тыңдады. Дауыстап оқу барысында балалар ертегі кейіпкерлеріне еліктеп, қызықты сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті.Әр ертегі оқылған соң кейіпкерлер туралы сұрақтар қойылып, жақсы мен жаманның айырмашылығы туралы ой бөлісті. Оқушылардың белсенділігі ерекше байқалды.Кітап оқудың сөздік қорды байытып, ойлау жүйесін дамытатыны да ерекше аталды.

Іс-шара оқушылардың көңілінен шығып, кітапқа деген қызығушылығын арттырды. Кітап – бала қиялын ұштайтын, сана-сезімін дамытатын сенімді серік. Мұндай шаралар балаларды жақсылыққа, мейірімділікке, білімге жетелейді.

Н.Ибрагимова,

«Қ.Дәрімбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапхана меңгерушісі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *