Жетісай ауданының «Бірлік» ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында «Арайлы алтын күз – 2025» атты жас суретшілер байқауы өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сурет өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру және талантты жастарды қолдау болды.
Байқау екі кезең бойынша ұйымдастырылып, қатысушылар сурет өнеріндегі шеберліктерін көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша
«Қ.Дәрімбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 7«Ә» сынып оқушысы Жанатбек Нұрайша жүлделі І орынды иемденді. Арнайы Дипломмен марапатталды.
Оқушымызды «Арайлы алтын күз» суретшілер байқауындағы жарқын жеңісіңмен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жетістік – сенің еңбегіңнің, талантыңның және өнерге
Деген сүйіспеншілігіңнің нәтижесі. Алдағы уақытта шабыттың шалқар болып, қиялың қанаттанып, жаңа туындыларың мен биік белестерді бағындыра бер деп тілек білдіреміз!
Татаева Гулнар,
Технология пәні мұғалімі.
