Жазушы, қоғам қайраткері, Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығына орай №74 жалпы білім беретін мектебінде дәстүрлі «Алтын күз – 2025» мектепішілік байқауы өтті. Шараның мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, сонымен қатар эстетикалық тәрбие беру.

Байқау барысында қатысушылар табиғи материалдардан жасалған композициялар, сәнді киім үлгілері мен өнер көрсетілімдері арқылы өз қиялдарын, тапқырлығын және сахналық мәдениетін танытты. Әр сыныптың дайындығы көрермен назарын аударып, байқау жалпы мерекелік көңіл-күйде өтті.
Сайыстың нәтижесінде Бас жүлде – 8 “Ә” сыныбы, Күз ханзадасы мен ханшайымы болып Мамрайм Азат пен Абилда Ерсінай танылса, І-орын 9 “Ә” сыныбынан Файзулла Оралхан мен Даулетбек Айым, ІІ-орын 10 “А” сыныбынан Жошыбек Аружан мен Абен Берікбол, ІІІ-орын 9 “А” сыныбынанҚуаныш Кәусар мен Қалдаш Аслан иеленді.
Арнайы номинациялар: «Көрермен көзайымы» 10 “Ә” сыныбының оқушылары Қуаныш Саят пен Маратали Кәусар, «Креативті композиция» 8 “А” сыныбының оқушылары Абубакир Раяна мен Тағабай Дәулетке берілді.

Байқау барысында оқушылар табиғат сыйларын құрметтеу, ұжыммен жұмыс істеу, өз ойын шығармашылықпен жеткізу дағдыларын көрсетті. Табиғи материалдарды тиімді пайдалану арқылы жасалған жұмыстар көркемдік жағынан ерекшеленіп, әділқазылар тарапынан жоғары бағаланды.
Шараны мектеп әкімшілігі және өзім ұйымдастырды.
Сайыс соңында жеңімпаздар арнайы Дипломдар және марапаттар алды.
Бөкенова Зере Мұханбетқызы
«№74 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Аға вожатый
