«Абай – дара, Абай – дана қазақта»

«Кітапхан» кітап оқу сайысы аясындағы тағылымды шара.

Қазақ халқының рухани көсемі, ұлттың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының туғанына биыл 180 жыл толып отыр. Бұл мерейтой – тек тарихи дата ғана емес, ұлттың рухани жаңғыруына бағытталған үлкен мәдени бағдарлама. Осы орайда еліміздің түкпір-түкпірінде Абай мұрасын дәріптейтін әдеби-сазды кештер, ғылыми конференциялар, шығармашылық байқаулар мен кітап оқу сайыстары ұйымдастырылуда.

Солардың бірі – «Абай – дара, Абай – дана қазақта» атты «Кітапхан» кітап оқу сайысы. Бұл игі бастама кітапхана қабырғасында өткізіліп, оқырман қауымды Абайдың терең ойлы шығармаларымен қайта қауыштырды. Аталған сайыс – Абай мұрасын қайта жаңғыртып, жас ұрпақтың бойына парасаттылық, білімге құштарлық пен елге деген сүйіспеншілікті дарытатын тағылым мектебі болды.Сайыстың мақсаты – жастарды кітап оқуға баулу, Абайдың рухани-мәдени мұрасын кеңінен насихаттау және ұлттық құндылықтарды ұлықтау.

Абайдың «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр» секілді өлеңдері мен қара сөздері – адамгершілік, білім, еңбек, әділет сынды асыл қасиеттерді дәріптейтін рухани қазына. Сайыс 2 турдан құрастырылды.

  1. турда  оқушыларАбайдың қара сөздерін жатқа айтып, оның терең мағынасын талдап, өз ойларын әдеби тілмен жеткізе білді.
  2. турда бейнелі мақал-мәтелдер ұйымдастырды.

Сайысқа қатысушылардың ішінен ерекше көзге түскен оқушылар Абайдың сөзін жүрекпен қабылдап, оның ой-толғамдарын өмірлік ұстанымға айналдырғандар. Олар Абайдың «Толық адам» концепциясын талдап, бүгінгі қоғаммен байланыстыра білді. Бұл – Абайдың мұрасы әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтпағанының дәлелі.

Абайдың 180 жылдығы – ұлттың рухани биігін қайта тану, оның сөзін жаңаша ұғыну, жас ұрпаққа даналықты дарыту. «Абай – дара, Абай – дана қазақта» атты кітап оқу сайысы осы мақсатқа қызмет етіп, оқырман жүрегіне жол тапты. Бұл – Абай әлеміне жасалған әдеби сапар, бұл – рухани жаңғырудың бір парасы.

Шара ұйымдастырушысы: «№74 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханашысы Аширханова Жарқынай Сапарханқызы.

Қатысушылар: 8-9 сынып оқушылары арасынан іріктелген әдебиетке құмар, дарынды жастар.

Мақсат: Оқушыларға Абай мұрасын кеңінен насихаттау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.

Жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Аширханова Жарқынай Сапарханқызы.
N74 жалпы білім беретін мектеп. Кітапхана меңгерушісі
.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *