«Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс»

Мектебімізде адамгершілік қасиеттерді дәріптеуге бағытталған «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тақырыбындағы сынып сағаты ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – жас ұрпаққа адалдықтың өмірдегі орны мен маңызын ұғындыру, еңбектің қадірін сезіндіру, табыстың тек маңдай тер мен жауапкершіліктен туындайтынын түсіндіру болды.

Сынып сағаты барысында оқушылар адалдық туралы нақыл сөздермен, өмірлік мысалдармен бөлісіп, еңбексүйгіштік пен жауапкершілік адамның басты қасиеті екендігі жайлы пікір алмасты. Өз ойларын еркін жеткізіп, еңбек арқылы жетістікке жетудің жолдары туралы мазмұнды әңгімелер айтып, тақырыпты жан-жақты талқылады.

Шараның тәрбиелік мәні зор болды: балалар адал еңбектің адамды биікке көтеретініне, ал адалдықтың әрбір істің бастауы екеніне көз жеткізді.

Сабақ соңында қосымша 10 минуттық қауіпсіздік сабағы өтіп, «Көмекке шақырудың халықаралық белгілері» жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мұғалім оқушыларға төтенше жағдайларда қолданылатын SOS белгісі, қолмен және дауыспен берілетін белгі түрлері, сондай-ақ қауіп төнгенде көмек сұраудың дұрыс жолдары туралы нақты әрі түсінікті ақпарат ұсынды. Оқушылар қауіпсіздік ережелерін қайталап, түрлі жағдайларда өзін дұрыс ұстау дағдыларын бекітті.

Осындай мазмұнды іс-шаралар жас буынның дүниетанымын кеңейтіп қана қоймай, оларды адалдыққа, еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке тәрбиелейді. Сонымен қатар қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, әрбір оқушының өзін және жақындарын қорғау дағдыларын дамытуға зор ықпал етеді.

Бөкенова Зере Мұханбетқызы

«№74 жалпы білім беретін мектеп» КММ

6 «А» сынып жетекшісі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *