«Адал ата-ана — қауіпсіз балалық шақ» тұжырымдамасы бекітілді

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Түркістан облысы білім басқармасы балалардың қауіпсіздігі мен жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруға бағытталған «Адал ата-ана — қауіпсіз балалық шақ» атты өңірлік тұжырымдаманы бекітті. Бұл бастама балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, олардың бос уақытын пайдалы өткізуге және ата-аналардың жауапкершілігін арттыруға негізделген.

Тұжырымдама аясында жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, интернеттегі қауіптен қорғау және салауатты өмір салтын насихаттау бағытында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Сонымен қатар мектеп жанындағы лагерьлер, спорттық және мәдени шаралар өткізіліп, оқушылардың жазғы демалысын мазмұнды өткізу көзделіп отыр.

Білім басқармасының мәліметінше, бұл жұмыстарға мектептермен қатар ата-аналар, құқық қорғау органдары және қоғамдық ұйымдар да белсенді қатысады. Өйткені баланың қауіпсіз әрі бақытты өсуі – барша қоғамның ортақ міндеті.

«Адал ата-ана — қауіпсіз балалық шақ» тұжырымдамасы жас ұрпақтың тәрбиесіне оң әсер етіп, балалардың алаңсыз демалуына мүмкіндік береді деп күтілуде.

«№77 ЖББМ» КММ  Мектеп әкімшілігі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *