Жетісай ауданының білім.бөлімі,Түркістан облысының білім басқармасының 2026 жылғы 8 мамырдағы №25/3035 хатына сәйкес,Түркістан облысының білім басқармасы 1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында балаларға ең үлкен тарту ретінде олардың қауіпсіздігіне кепіл болатын “Адал ата-ана-Қауіпсіз балалық шақ” өңірлік тұжырымдамасына сәйкес 15- мамыр күні 2026 жылы “С.Асанов атындағы /38 жалпы білім беретін КММ жиналыс болып өтті.

Білім бөлімінің нұсқаулықтармен таныстыру.мақсатында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Мақсаты: Ата-аналарға бала өмірі үшін жеке жауапкершілікті ұғындыру және келеңсіздіктердің алдын алудың ведомствоаралық біртұтас жүйесін құру.
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнін жай мереке емес, әр баланың үніне құлақ асатын, оның қорғалғанын сезіндіретін орта қалыптастыру күні ретінде өткізуіміз керек.
Әрбір балаға жасалынған қамқорлық еліміздің болашағына жасалынған жанашырлығымыз екендігін сезіне білгеніміз,әрбір балаға дұрыс білім мен тәрбиесіне үлкен үлес қосқанымыз болатынын ата-аналарға түсіндірілді.
Жаз айында балалар қауіпсіздігіне: суға шомылу кезінде,өрт жағдайында т.б жағдайларда қараусыз,назардан тыс қалмауын қадағалауымыз керек екендігі ескертілді.
Балаларымыздың қауіпсіздігін сақтауға арналған іс-шараларды ұйымдастыра отырып ,жаз мезгілін қызықты өтуіне үлес қосуға атсалысайық-деген пікірмен жиналысты мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары М.Бейсенов қорытындылады.
