Skip to content
Басты бет / Жаңалықтар / «АДАЛ АЗАМАТ – АДАЛ ЕҢБЕК – АДАЛ ТАБЫС»

«АДАЛ АЗАМАТ – АДАЛ ЕҢБЕК – АДАЛ ТАБЫС»

23 қаралым

Адалдық – адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі. Ал адал еңбек – жарқын болашақ пен берекелі өмірдің негізі.

2026 жылғы 12 қараша күні М. Шоқай атындағы №26 жалпы білім беретін мектептің 7 «А» сынып оқушыларымен «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбие сағатының негізгі мақсаты – оқушылардың бойына адалдық, әділдік, еңбекқорлық, жауапкершілік және отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру, адал еңбектің қадірін түсіндіру, маңдай термен келген табыстың маңызын ұғындыру. Сонымен қатар жас ұрпақты саналы, парасатты, өз ісіне жауап бере алатын азамат болуға тәрбиелеу.

Іс-шара барысында оқушылар «Адал азамат деген кім?», «Адал еңбек не үшін қажет?», «Адал табысқа қалай қол жеткізуге болады?» деген маңызды сұрақтар төңірегінде өз ойларын ортаға салды. Адалдық пен әділдік туралы пікір алмасып, өмірден мысалдар келтірді. Түрлі тапсырмалар мен тәрбиелік сұрақтар арқылы өз білімдерін ортаға салып, тақырыптың мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік алды.

Оқушылар адал азамат болу тек жақсы сөзбен емес, күнделікті іс-әрекетпен, шынайы қарым-қатынаспен, жауапкершілікпен және табанды еңбекпен дәлелденетінін түсінді. Әрбір адамның жетістігі мен жеткен биігі адал еңбегінің нәтижесі болуы керектігі айтылды.

Тәрбие сағатының түйіні – адал азамат болу – әр адамның өзінен басталады. Адал еңбек еткен адам ғана адал табыстың қадірін біледі. Бүгінгі жас ұрпақтың бойына осындай құндылықтарды сіңіру – болашаққа салынған маңызды инвестиция.

Ақерке ЕРНАЗАР,

7 «А» сыныбының сынып жетекшісі.