АГРОСЕКТОР МАМАНДАРЫ БАС ҚОСТЫ

Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Елшібаев Тұрышбек Күлішұлының төрағалығымен жуырда аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында агросаланың ғалым-мамандары мен шаруа қожалық төрағаларының, ауылдық округ әкімдерінің және олардың жер мамандарының қатысуымен семинар-кеңес өтті.

Семинардың күн тәртібінде өсімдіктерді қорғау және карантині, асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша заңнамаларының тиісті нормаларын, «Тұт шаруашылығын дамыту» мақсатында тұт ағаштарын отырғызу және күтіп-баптау, жоғары өнім алу жолдарын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Басқосуда Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының өсімдік қорғау бөлімінің басшысы Нұрман Бигелов Қазақстан Республикасының «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3-шілдедегі Заңының (өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) негізгі нормаларын түсіндірсе, Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңы мен Қазақстан Республикасының «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы №143 заңының (өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) негізгі нормаларын түсіндіру мақсатында баяндамашы Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының өсімдік қорғау бөлімінің маманы Мұхтар Күренбаев, ҚР «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Заң талаптарын түсіндіру бойынша Құрал Байдалиев баяндама жасады.

Сонымен қатар, семинарда Жетісай ауданы аумағындағы фитосанитариялық жағдайдың барысы туралы Жетісай аудандық болжам әдістемелік орталығының басшысы Қайрат Досаев, «Мақта, бақша дақылдарының отандық сорттарын және оларды зиянкестерден қорғау шаралары» бойынша «Мақта және бақша ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС басқарма басшысының орынбасары Амандық Қостақов, аудандағы тұт шаруашылығын дамыту мақсатында атқарылатын жұмыстарды түсіндіру бойынша аудандық кәсіпкерлік бө­лімінің басшысы Данияр Толыбаев сөз сөйлеп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

ЖАҢА-ЖЕТІСАЙ АҚПАРАТ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған