ӘЙЕЛДЕРДІҢ МӘРТЕБЕСІН КӨТЕРЕТІН МЕРЕКЕ

Бауыржан Момышұлы айтқандай «Әйел құнарлы топырақ. Онда адамзат дәні өсіп, жетіледі. Әйелсіз адамзат «жемісі» ешқашан да болмайды». Ия, әйел адал жар атанып, бала сүйіп, сүйікті ана атанып, отбасында тәрбие берумен айналысады. Әйелдің қоғамдағы рөлінің де маңызы зор. Ал, Абай Құнанбаевтың «Әйел адам гүлмен тең» дегені орынды. Қазақ халқында аналар, әйелдер, қыздар туралы мақал-мәтелдер, әндер, өлеңдер көп. «Әйел – үйдің қазығы», «Жақсы әйел – жарты иманың». «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» деген әнді естігенде сондай сұлу, жаны жайсаң, нәзік, елдің көркін беретін ару қыздар бейнесін елестетемін. Ия, біздің көп балалы аналар, іскер әйелдер, қыздар мақтауға да, алғыс айтуға да, құттықтауға да лайықты. Әсіресе, баршамыз «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесінде жақсы лебіздер айтып, сыйлықтар беріп, мәртебелерін көтереміз. Әйелдердің көбісі білім, медицина, мәдениет, кәсіпкерлік секілді жауапкершілігі мол салаларда істейді. Біздің ауданда мақтан тұтар, түрлі салада жұмыс атқарып жатқан әйел, қыздарымыз көп. Мысалы, бізде «Шаңырақ» отбасы клубында «Келіндер мектебі» бар. Қазақ халқында айтады ғой «Келіні жақсы үйдің керегесі алтын» деп. Осындай келіндеріміз баршылық.

Сұлу, көрікті, инабатты, жігерлі, нағыз қазақтың келіні, «Дана келін – 2020» номина­циясының иегері, «Күміс алқа», «Алтын алқа» иегері Лаззат Мұратқызы Жұмабекова Жетісай қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы мектепте 23 жыл қазақ тілі пәнінің мұғалімі болса да келіндерге тәлім-тәрбие беріп, көп жылдан бері олардың арасында түрлі сайыстар өткізуде. Сонымен қатар, Лаззат жазғы еңбек демалысында ауданымыздың тұрғындарының денсаулығын нығайту және кәсіпкерлікті меңгеру мақсатында Алматы қаласында арнай массаж жасауды үйреніп, білім алып, оқып келіп, бүгінгі күні сабақтан тыс қосымша осы жұмысты жасап жүр.

Білім саласында еңбектерімен елеулі, Кеңес Одағынан бері жұмыс атқарып келе жатқан аудандық білім бөлімінің әдіскері Жұмакүл Байтлеуова, «Жеңіс» мектеп-гимназиясының математика пәнінің мұғалімі Валентина Хоритоновна Пак, тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Күләш Баймурзина, «Қайнар» мектеп гимназиясы директорының орынбасары Ғалия Омарова, көп жыл саз мектебінде еңбек еткен, домбыраны шертіп, көп шәкірттер шығарған, бүгінгі күні Б.Момышұлы мектеп гимназиясында жұмыс атқаратын, көп балалы, сүйкімді, көрікті ана Зоя Мүсілімова. Ал, Оңалсын Шүкірбайқызы Өсербаева «Дәуір» жалпы орта мектептің ұстазы, өнерлі ана, кәсіпкерлікті де меңгерген, 2 балалар бақшасының жұмысын жүргізіп үлгеруде.  

Медицина саласында басшы қызметтегі Асықата аудандық аурухананың бас дәрігері Бағила Құралқызы Өтеулиева, көп жыл еңбек етіп жүрген білікті педиатр дәрігер Сахыпжамал Уалиева, инфекционист дәрігер, «Күміс алқа» алақасының иегері, парасаты мол ана Замира Ильясқызы Ташимоваларды нағыз қазақтың өнегелі қыз-келіншектері деп атауға болады. Мәдениет саласында еңбегімен еленген зейнеткер, Жетісай драма театрының ак­трисасы Ұлбосын Базарбаева, Ера­лиев ауылдық округіндегі әжелер ал­қа­сының төрайымы, байырғы кітап­ха­на­шы Нәлігүл Құр­бан­баева, Қазыбек би ауылдық округіндегі Аналар кеңесінің төрайымы Нұр­жа­мал Байтасова, бү­гінгі күні еңбек етіп жүрген аудандық кітапхананың басшысы Асима Ермекбайқызы Жүнісова, кітап­ха­на­шы­лар Жібек Қашқынбаева, Нұрсұлу Тобақабылова, Лаззат Илимовалар да өз ісінің маманы. Асықата саз мектебінің басшысы Күнкияш Әбдраманова, «Nur – Saule» өнер орталығын басқарып отырған Сәуле Бердалиева бала­лардың өнерін дамытуда. 

Кәсіпкерлік салада Асықата кентінің тұрғыны, байырғы дәрігер, бүгінгі күні зейнеткер Раушан Кенжебекова, Жетісай қаласындағы «Тұран» мейрамханасының иегері Алтынай Сейіткерімовалар да еңбектің шыңына жеткендер.

Сондай-ақ халықты ақпараттандыру сала­сында екңбек етіп жүрген журналистер Элмира Өсербекова, Гүлмира Саржанова, Баян Такенова, Ақерке Бақтыбаева, АХАЖ бойынша Айнур Бекмановаларға ризамыз. Барша қыз-келіншектерге әйел бақытын тілеймін.

Камира ӨМІРБАЙ,

«Шаңырақ» отбасы клубының жетекшісі, Жетісай аудандық әжелер алқасы төрайымының орынбасары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған