АЙТЫЛҒАН МӘСЕЛЕЛЕР АЯҚСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшыларының, аудандық полиция бөлімі мен аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы басшыларының, қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы, “Ырыс” МҚҰ мен “ҚазСуШар” РМК Жетісай аудандық бөлімше өкілдерінің қатысуымен өткен жиынның күн тәртібінде 7 мәселе қаралды.

Көктемгі әскерге шақырылушылармен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, Отан алдындағы борышын өтеушілердің келуін қамтамасыз ету жұмыстарының барысы туралы аудан әкімінің орынбасары Марат Айнабеков пен Жетісай және Мақтаарал аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы Айбек Қабыловтың, заңсыз адам тасымалдауымен айналысатын көлік жүргізушілері мен заңсыз, талапқа сай келмейтін автобекеттермен жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы туралы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын инспекциясы бөлімінің басшысы Берік Мамбетов пен ауданық полиция бөлімінің басшысы Әділбек Сапарбековтың, ағын суды үнемдеу технологиясын енгізу бойынша ауданда атқарылған жұмыстардың нәтижесі мен 2024 жылға жоспарлар, көктемгі дала жұмыстарына дайындықтың барысы туралы аудан әкімінің орынбасары Тұрышбек Елшібаевтың, Жылы су ауылдық округін дамыту мақсатында өткен жылы атқарылған жұмыстардың барысы мен алдағы жоспарлар, орын алған кемшіліктер мен шешілуі тиіс мәселелер бойынша ауылдық округ әкімі Ермек Дауылбаев пен аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы Жамбыл Рүстемовтың, “Ауыл аманаты” бағдарламасының жүзеге асуы мен “Қарызсыз қоғам” жобасы аясында семинар-тренингтердің өткізілу барысы туралы аудан әкімінің орынбасары Марат Айнабековтың баяндамалары тыңдалып, ұсыныстар талқыланды. Қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

Жиын соңында орындалмаған межелер мен нақты­ланбаған жоспарлар бойынша бірқатар мәселелерді жеке бақылауына алған аудан басшысы хаттамалық тапсырмаларды дер кезінде орындамаған басшылар мен әкімдерге қатаң шара қолданатынын айтты.

Б.НАЙМАНОВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған