Ақынды туған жерінен алыстатып алмайық

      Жоғарғы оқу орнының дипломын қолға тиіп, жұмыс орным нақтыланған соң алдымен мектеп кімнің атында екеніне назар аудардым. Мектепке есімі берілген Сабырхан Асанов туралы мәліметтермен таныстым.

Бала кезден құлағымызға сіңіп қалған

«Жазда атамның ауылына,

Барып кедім қыдырып,

Бір қошақан алдымнан,

Шауып шықты жүгіріп.» деп басталатын өлең біздің балалық шағымыздың әнұранына айналып кеткенін бәріміз білеміз. Осы өлең жолдарының авторы С. Асанов екенін білгенде ол  маған өзім танысып үлгермей қалған жақын туысым тәрізді болып кетті.

     Сабырхан Асановтың есімін қазақ қоғамы Мұқағали Мақатаев арқылы танып білгені баспасөзде жиі айтылады,   «Сабырханға» атты арнау жырында:

Қызылқұмда ізіміз қалар ма екен,

Іздеген жан біздерді табар ма екен?

Адасармыз, адассақ, қарамай-ақ,

Кел екеуміз кезейік жалаң аяқ», – деуші еді ақын.

Қызылқұм – Әмудария мен Сырдарияның аралығындағы жусан, сексеуіл, құмқияқ аралас өсетін құмды алқап, сортаң шөл дала. Сабырхан Асановтың туған жері де осы маңда,  біз туып өскен жерге жақын. Көрнекті ақын Сабырхан Асанов Мақтарал ауданының Талапты ауылында балалық шағын өткізіп, орта мектепті үздік тәмамдайды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген соң «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Жұлдыз», «Балдырған» журналында қызмет атқарды. 1982 жылдан бастап өмірінің соңына дейін шығармашылық жұмыста болды. Ақынның алғашқы «Сырдария» атты жыры 1958 жылы «Лениншіл жас» газетінде жарияланды. С. Асановтың «Тұңғыш кітап» , «Таулар алыстан көрінеді», «Жастық шағым — Алматы», «Бақытты адам», «Шолпан», «Ақбота», «Қоштасқым келмейді» атты тандамал кітаптары бар. Аударма саласында да өнімді еңбек еткен ол М.Лермонтовтың, Байронның, Р. Гамзатовтың, Е. Евтушенконың, Гарсиа Лоркианың шығармаларын қазақша тәржімалады.

      Сол себепті өзі туып өскен аймақта  орта мектепке есімінің берілуі  заңды құбылыс.   

Сабырхан Асановтың еңбектерінің жарыққа шығып, танылуына үлкен үлес қосқан аңызға айналған Әбілда Тәжібаев еді. Халық жазушысы алғысөз жазып, алғаш рет жас ақынның өлеңдерін басылым бетіне ұсынды. «Өзі де нәзік, сөзі де нәзік жас жігіт маған бір топ өлеңін әкелді. Мен соларды оқып отырып, көп жерінде селт еткендей, сезім тапқандай қуанып отырдым.

«О, дала, дала, сенің кеңдігіңді,

Ержетіп тентек балаң енді білді.

Көк салсам, қуанғаннан кеудем менің,

Түндіктей желпілдейді желді күнгі…» – депті жас ақын. Бұл тамылжыған сезім күй. Мұның авторы –Қазақтың мемлекеттік университетінің студенті Сабырхан Асанов екен»,- деген  ақын.

      Сосын тағы бір естеліктерінде ақынның  атақты Мұхтар Әуезовтің алдына барғаны айтылады. Замандасы жайлы жазған Тұманбай Молдағалиев Асановтың албырт көңілінен, асау кезеңінен жалт еткен қызықты естелігімен бөліседі. «Сабырхан өз өлеңдеріне сәт сапарды Мұхтар Әуезовтің өзінен алғысы келіпті. «Жұрт Әбілданы, Жұбанды, Сырбайды айналдырып жүр. Тіпті Сәбит Мұқановты да жиып қойып Әуе­зовтің өзіне телефон соқтым», – дейді Сабырхан жастық шағын еске алып. Бірақ Мұхаң: «Жігітім, алдымен мәдениетті болуды үйрен», – деп сөгіп тастады. Көзім бота­лап, шекем шыңылдап үйге қайттым».

 Бір қа­расаңыз, күлкі шақырарлық. Бірақ осы оқиғадан Сабырхан Асановтың мөлдір жанын, ақындық аласапыран сезімдерін, биікке құмартқан асқақ тұрпатын көреміз.

      Қазір жастар әдебиеттен алыстап кетті деген пікір көп айтылады. Бұл дұрыс емес. Себебі заманның шындығы ақындардың жыр шумағының қалтарысында жасырынып жатады деген пікір бар. Сол себепті мектеп қабырғасында С.Асановтың туған күні немесе дүниеден өткен күні еске алу шараларын өткізсек, ақын да, поэззия да, әдебиет те бізден алыстап кетпейді.  

Дана МЫРЗАШ

С. Асанов атындағы № 38 жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі.Ақынды туған жерінен алыстатып алмайық

С. Асанов атындағы № 38 жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *