АҢШЫЛЫҚ МАУСЫМЫ АШЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 ақпандағы №18-03/157 бұйрығымен бекітілген «Аң аулау қағидасына» сәйкес «2024 жылдың 15 ақпаны мен 2025 жылдың 15 ақпан аралығында жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 15 ақпандағы №32-П бұйрығын басшылыққа ала отырып, Түркістан облысындағы аңшылық пайдаланушыларға бекітіліп берілген аңшылық алқаптарда суда жүзетін аталық үйректерді аулауға 2024 жылдың 1 наурызынан 15 наурызды қоса есептегенде күнтізбелік 15 күндік мерзімге көктемгі аңшылық маусымы ашылғанын хабарлаймын.

Аңшылардың есіне тағы да сала кету мақсатында бекітілген аңшылық алқаптарында аң аулау ережесінің сақталуын өтіне сұраймыз. Аңшылық маусымда аң аулауға арнайы жолдамамен баруға тиіс екендігін ескертеміз.

Б.МҰСАЛИЕВ, Мақтаарал-Жетісай аудандары аңшылар қоғамы. Түркістан облысы аумақтық инспекция бөлімінің басшысы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған