АУДАН ӘКІМІ КАНАЛДАРДЫ ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН ТЕКСЕРДІ

Аграрлы өлкенің ең өзекті мәселесі – ағын су. Соңғы жылдары аудандағы егістік алқаптарға «Достық» магистральды каналы арқылы келетін ағын су мөлшерінің жетіспеушілігі мен каналдардың, арық-атыздардың дер кезінде тазаланбауы шаруалардың мол өнім алуларында қиындықтар туғызып келеді.

Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов биылғы жылы аталған мәселелердің алдын алу бойынша округтерде атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Алдымен аудан басшысы Жылы су ауылдық округіне қарасты Байқоныс елді мекеніндегі механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп жатқан К-21-9-3 каналында болып, мамандармен жүздесті.

Мамандар «Казсушар» РМК Түркістан филалы тарапынан 3 эксковатор аудан аумағындағы каналдарға механикалық тазалау жұмыстарын жүргізіп жатқандығы, суғару маусымы тоқтағалы бері аудандағы жалпы ұзындығы 495 шақырымды құрайтын 100-ге жуық каналдардың су жүйелеріндегі шөгінді тұнбалар мен өскінді шөптердің тазаланғаны, ұзындығы 120 шақырымды құрайтын 33 бетондық каналдар мен лотоктардың қол күшімен тазаланып, 62 дана гидротехникалық құрылымдарға жөндеу жұмыстары жүргізілгені айтылды.

ЖАҢА ЖЕТІСАЙ-АҚПАРАТ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған