АУДАН БАСШЫСЫ ЕҢБЕК АДАМДАРЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесі аясында жаны нәзік болса да ерлермен иық тіресе саналы ғұмырын өңіріміздің өркендеуіне, тазалық жұмыстарының сақталуына арнаған еңбек адамдарын мерекемен құттықтап, сый-сияпат жасады.

Бүгінде бір-бір әулеттің берекесі мен ұйытқысына айналып отырған аяулы жандарға ыстық лебіздерін білдірген аудан басшысы мерекелік гүл шоқтарын табыс етті.

«Ұрпақтың ғана емес ұлттың тәрбиесіне, болашағына қосқан еңбектеріңіз, бейбітшілік пен бірліктің белгісі болған мейірімдеріңіз, қашанда жанымызға демеу, дертімізге шипа болатын жылы сөздеріңіз бен адал еңбектеріңіз біз үшін өте қымбат, үлгі, өнеге! Көктемнің алғашқы күндерімен бірге келетін айтулы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке тілеймін! Сіздердің осылай күлімдеп, аман-есен жүргендеріңізден артық бізге қуаныш та, жеңіс те жоқ, құрметті аналар!»,-деді.

Бүгінде зейнет жасына жақындаса да ұрпақ тәрбиесінен, қоғамдық орындар мен қала, кент, елді мекендердің тазалық жұмыстарынан шет қалмайтын, талай-талай аумалы-төкпелі заманды басынан өткізген ақ жаулықты аналар аудан басшысының арнайы құттықтап келгендеріне ризашылықтарын білдіріп, елді өркендету бағытындағы игілікті бастамаларына сәттілік тіледі. Естелік суретке түсті.

ЖАҢА ЖЕТІСАЙ-АҚПАРАТ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған