Мектебімізде өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, ерлік пен батылдыққа тәрбиелеу мақсатында «Ауған соғысы ардагерлеріне тағзым» атты тағылымды кездесу кеші ұйымдастырылды.

Кездесуге Ауған соғысының ардагерлері:
Жетісай ауданы Ынтымақ а/ә қарасты ‘Нұр ауылының тұрғыны Еденов Талғат Мауленұлы
Жетісай ауданы Ынтымақ а/ ә қарасты ‘Көрікті» ауылының тұрғыны Сабырқұлов Ахмет Әбдірасілұлы
арнайы шақырылып, оқушыларға өздерінің өмір жолы, әскери борыш, Отан алдындағы жауапкершілік, ерлік пен достық туралы естеліктерімен бөлісті. Ардагерлердің шынайы әңгімелері жас буынға ерекше әсер қалдырып, елге қызмет етудің маңызын терең түсінуге мүмкіндік берді.
Іс-шара барысында оқушылар патриоттық өлеңдер оқып, ардагерлерге алғыс білдіріп, құрмет көрсетті. Бұл кездесу – ерлікке тағзым, тарихқа құрмет, ұрпақтар сабақтастығын нығайтқан тағылымы мол басқосу болды.
Ардагерлеріміздің ерлігі – мәңгі жадымызда!
Отан үшін от кешкен батырларға мың тағзым!
Агманова Дина
Абсенова Гүлжахан
