Бала қауіпсіздігі-басты назарда

Қауіпсіздік ұғымы білім беру үдерісінің барлық қатысушыларын өрт,табиғи ,экологиялық және техногендік апаттар,террористік қауіп-қатерлер,экстремизм мен жеке тұлғаға зорлық-зомбылық көрсету сияқты төтенше жағдайлардан қорғануды ұйымдастыруды ғана емес,сонымен қатар көліктік және тұрмыстық жарақаттанудан, еңбек пен оқудың жеткілікті қорғалмаған жағдайларынан қорғануды да қамтиды.

Осыған байланысты, 2026 жылы 14 мамыр күні » М.Шоқай атындағы №26 жалпы білім беретін мектепте практикалық жаттығу өткізілді.

Жаттығудың негізгі мақсаты-оқушылардың жеке қауіпсіздігі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне саналы және жауапты қарым-қатынасын қалыптастыру,қауіпті жағдайларды тану және бағалау, олардан қорғану тәсілдерін анықтау,өзіне және өзара көмек көрсетуге үйрету.

Ш. МУСУРМАНОВ.

АӘТД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы лейтенант.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *