Білім беру үдерісіндегі жасанды интеллекттің мүмкіндіктері

Жасанды интеллект (ЖИ) білім беру үдерісінде жаңа мүмкіндіктер ашуда. Бұл технология оқытуды жекелендіруге, білім алушылардың қажеттіліктерін нақты анықтауға және оқу үдерісін оңтайландыруға мүмкіндік береді. ЖИ негізіндегі жүйелер оқушылардың білім деңгейін бағалап, әлсіз тұстарын анықтап, жеке ұсыныстар бере алады. Сонымен қатар, ЖИ мұғалімдерге сабақтарды тиімді жоспарлауға және оқыту материалдарын оңай бейімдеуге көмектеседі. Бұл инновациялар білім беру сапасын арттыруға және оқушылардың қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

Қазіргі заманда жасанды интеллект (ЖИ) технологиялары білім беру саласында үлкен өзгерістер әкелуде. Бүгінгі күні білім беру саласында ЖИ-ді қолдану өзектілігі артып, көптеген елдерде бұл технологиялар кеңінен енгізіліп жатыр. Қазақстандық білім беру жүйесінде де ЖИ-дің рөлі артып, оқу үдерісін жаңғыртуға үлкен ықпал етіп жатқандығы да рас . ЖИ технологияларының көмегімен білім беру үдерісінде деректерді жинақтап, талдау арқылы оқу материалдарын тиімді ұйымдастыруға болады. Бұл технологиялар оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, жеке оқу жоспарларын құруға мүмкіндік береді. Қозғалып отырған мәселенің дәлелі ретінде Жетісай аудандық білім бөліміне қарасты № 44 «Жаңа дала» ЖББМ КММ – де бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өткізілген «Білім беру үдерісіндегі жасанды интеллекттің мүмкіндіктері» атты семинарды тілге тиек ете аламыз. Семинарға ауданымыздың 68 мектебінен мұғалімдер келіп әдіс алмасты. Мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімдері заман талабына сай ЖИ түрлерін сабақта тиімді қолдана отырып, білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырудың түрлі әдістерімен бөлісті. Семинарға келген әріптестеріміз  алған әсерлерімен бөлісіп, жаңа әдістер мен тың идеялармен әдіс қоржындарын толтырып бара жатқанын пікірталас алаңында жеткізе білді. Семинарға қатысқан Жетісай ауданы білімбөлімінің әдістемелік кабинеттің әдіскері Райханова Ұ өзойын ортаға сала отырып, семинардың өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, оқушылардың белсенділігі мен мұғалімдердің шығармашылық қабілеттері, жаңашылдығы мен ізденімпаздығы өте жоғары деңгейде көрінгенін тілге тиек ете келе мектебімізге толағайтабыс, ұстаздарға шығармашылық шыңдалу тіледі. Өзгермелі заманда талапқа сай болу – әрбір ұстаздың басты міндеті екенін ұмытпай, өз мамандығын шын сүйетін білімнің бастауы болып жүрген бастауыш сынып мұғалімдері семинарда өз шеберліктерін жоғары деңгейде көрсете білді.

Г.З УМБЕТАЕВА,

№ 44 «Жаңа дала» ЖББМ КММ директоры.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *