Skip to content
Басты бет / Жаңалықтар / БҮГІНГІ ЖАС ҚЫРАН – ЕРТЕҢГІ ЕЛ ТІРЕГІ

БҮГІНГІ ЖАС ҚЫРАН – ЕРТЕҢГІ ЕЛ ТІРЕГІ

15 қаралым

 Бала тәрбиесі – ұлт болашағына жасалған ең маңызды қадам. Өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік, жауапкершілік, достық пен ізгілік қасиеттерін сіңіру – ұстаз бен ата-ананың ортақ міндеті. Осы мақсатта «М. Шоқай атындағы №26 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1-сынып оқушыларына арналған «Жас қыран» қатарына қабылдау шарасы өтті. Бұл – кішкентай бүлдіршіндер үшін мектеп өміріндегі ерекше әрі есте қаларлық сәттердің бірі. Салтанатты шара барысында оқушылар ұйымның мәні мен маңызын түсініп, елін, жерін сүюдің, білімге ұмтылудың және үлкенді құрметтеудің құндылығын сезінді. Балалардың жүзіндегі қуаныш пен мақтаныш олардың жаңа жауапкершілікті зор ықыласпен қабылдағанын аңғартты. «Жас қыран» қатарына қосылу – тек мерекелік рәсім емес, ол оқушыларды тәртіпке, ұйымшылдыққа, белсенділікке және игі істерге баулитын тәрбиелік бастама. Бүгін мектеп табалдырығын жаңа аттаған шәкірттеріміз ертең елінің дамуына үлес қосатын білімді, саналы азамат болып қалыптасарына сеніміміз мол. Әр баланың жүрегінде туған елге деген сүйіспеншілік пен жақсылыққа ұмтылыс ұяласын. Қанаты қатайып келе жатқан жас қырандарымыздың болашағы жарқын, қадамы нық болсын!

Гүлнар БАТЫРХАНОВА,

«М. Шоқай атындағы №26 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі.