Ерлік — елге мұра

Таяуда Жетісай клубының бастамашылдығымен шахматтан жасөспірімдер арасында ауданның ашық біріншілігі өтті. Аты аудандық болғанымен дүбірлі додаға көршілес Келес, Шардара және Мақтаарал аудандарынан келген жас шахматшылар да қатысты. Осы бір айтулы спорт бәсекесіне Жетісай қаласындағы №6 Б.Момышұлы атындағы мектеп гимназиясының оқушылары да қатысты. 6-8 жас аралығында Досан Ахмедияр І-орын алса, Жиенбек Ербосын белсенді қатысқаны үшін номинациясының жеңімпазы болды.

9-11 жас аралығы бойынша Әмірбай Тайыр І-орын, 12-15 жас аралығы бойынша Сатыбалды Нұрсая ІІ-орын иемденді. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломмен, медальмен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Б.Момышұлы гимназиясы шахмат үйірмесінің жаттықтырушысы ретінде еңбегімнің жемісіне бір марқайып қалдым.

Фахриддин Шаймерденов,

Б.Момышұлы гимназиясының мұғалімі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *