Ертегілер еліне саяхат кітапқа бастар қадам

“№74 жалпы білім беретін мектеп” КММ-де «Балалар кітапханасы» жобасы аясында және «Бір сынып – бір кітап» жоспарына сәйкес 4 “А” сынып оқушылары үшін «Ертегілер еліне саяхат» атты танымдық сабақ ұйымдастырылды. Шара барысында қазақ халқының сүйікті ертегілерінің бірі – «Бауырсақ» ертегісі кеңінен насихатталды.

Танымдық сабақты мектеп кітапханашысы Ж.Аширханова өткізді. Сабақ барысында оқушылар ертегінің мазмұнын талдап қана қоймай, кейіпкерлердің образын сахналық қойылым арқылы сомдады. Бұл тәсіл балалардың көркем шығарманы терең түсінуіне, ой-өрісін кеңейтуіне және шығармашылық қабілеттерін дамытуына мүмкіндік берді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларды кітап оқуға баулу, әдеби шығармаларға деген қызығушылығын арттыру және сахналау арқылы олардың тіл байлығын, актерлік шеберлігін қалыптастыру. Балалар өз рөлдерін ерекше ықыласпен орындап, белсенділік танытты.

Мұндай тағылымды шаралар жас ұрпақтың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, олардың рухани дамуына, ұлттық құндылықтарды құрметтеуіне жол ашады. «Бір сынып – бір кітап» жобасы аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Жарқынай АШИРХАНОВА,

 «№74 жалпы білім беретін мектеп» КММ  Кітапханашысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *