Есірткінің заңсыз айналымы – қоғамның қауіпсіздігі мен халықтың денсаулығына қатер төндіретін қылмыс. Адамның бір қате таңдауы өзінің ғана емес, бүкіл отбасының өміріне әсер етеді.
Осындай есірткінің заңсыз айналымымен айналысқан Жетісай қаласының тұрғынына қатысты сот үкімі шықты.
Атап айтқанда «Қ» есімді тұлға есірткіні өткізу мақсатында сатып алып, оны Жетісай қаласына тасымалдаған. Алайда оның әрекеті полиция қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралар барысында әшкереленді.
Тінту барысында автокөліктен 120 сіріңке қорапшасына бөлініп салынған,кептірілген марихуана табылған.
Жетісай аудандық «Қ» есімді тұлғаны ҚР ҚК-нің 297-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Жетісай ауданының прокуратурасы азаматтарды есірткіге қатысты заңсыз әрекеттерден аулақ болуға және осындай деректер белгілі болған жағдайда құқық қорғау органдарына дер кезінде хабарлауға шақырады.
Заңды құрметтеу мен ортақ жауапкершілік — қауіпсіз қоғамның негізі.
М.Мәди,
Жетісай ауданы прокуратурасының
прокуроры .
