2024–2025 оқу жылында Жетісай ауданы бойынша 8–10 сынып оқушылары арасында өткен ғылыми жобалар байқауының аудандық кезеңінде №41 ЖББМ оқушысы Машрапова Сарвиноз Айбекқызы үздік нәтижеге қол жеткізіп, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Бұл жетістік жас зерттеушінің ғылымға деген ерекше қызығушылығы мен тынымсыз еңбегінің нәтижесі болып табылады. Оқушының зерттеу жұмысын жетекшісі Умирханова Анар Уразбаевна бағыттап, ғылыми ізденістің әр кезеңінде қолдау көрсетіп отырды.
Мектеп ұжымы мен жетекшілер оқушының бұл табысын жоғары бағалап, болашақта да ғылым жолында биік белестерді бағындыратынына сенім білдірді.
Осындай білімді, дарынды жастардың жетістіктері ауданымыздың білім беру саласының деңгейін көтеріп, жас буынға үлгі болары сөзсіз.
Анар Өмірханова,
Қ. Дәрімбаев орта мектебінің мұғалімі.
