«Кәсіби қоғам баршаға тең мүмкіндіктен басталады»

«№74 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Кәсіби қоғам баршаға тең мүмкіндіктен басталады» арнайы педагогының онкүндік іс-шарасы  03.11.2025 жылы  бастау алып  арнайы педагогтың онкүндігі салтанатты түрде ашылды.

         Онкүндік «Кәсіби қоғам баршаға тең мүмкіндіктен басталады» тақырыбында өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылар, ата-аналар және педагогтар арасында тең құқық пен мүмкіндікті қамтамасыз ететін кәсіби қоғам құрудың маңыздылығын түсіндіру.

Бұліс -шаралар арқылы мектеп ұжымы қоғамдағы әрбір баланың тең құқылы тұлға  екенін түсіндіруге,  қолдауға және  инклюзивті орта қалыптастыруға өз үлесін қоспақ.

Кәсіби қоғам — бұл өзара түсіністік, қолдау және әділдікке негізделген орта. Мұнда әр маман, әр педагог, әр қызметкер өз кәсіби әлеуетін ашып, қоғамға пайда әкеле алады. Бірақ мұның басты шарты — тең мүмкіндік болуы. Яғни, кез келген маман, қандай жағдай болмасын, кәсіби ортаға еркін еніп, өз орнын таба алуы тиіс.

Арнайы педагогика, психология, инклюзивті білім беру салаларында бұл қағида ерекше мәнге ие. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін мамандар, әлеуметтік педагогтар мен тәрбиешілер өз кәсібилігімен тек баланы дамытып қана қоймай, қоғамның адамгершілік бет-бейнесін қалыптастыруға да атсалысады.

Мектеп оқушыларының сөйлеу тілін дамыту, ми мен дене байланысын жетілдіру, көңіл-күйін көтеру мақсатында «Көңілді үзіліс» атты арнайы сергіту сәті ұйымдастырылды. Үзіліс барысында оқушылармен артикуляциялық жаттығулар (тіл мен ерін бұлшықеттерін дамытуға арналған ойын түріндегі жаттығулар) және нейрожаттығулар (екі қолмен синхронды әрекет, зейін мен есте сақтау қабілетін арттыруға арналған тапсырмалар) жүргізілді.

Бұл жаттығулар балалардың сөйлеу дағдысын жетілдіріп қана қоймай, оқу процесінен кейінгі шаршауды жеңілдетіп, мидың белсенді жұмыс істеуіне әсер етеді. Сонымен қатар, балалардың қызығушылығын арттырып, топпен жұмыс жасау қабілетін де дамытуға септігін тигізеді.

Мектеп мұғалімдерінің эмоционалдық интеллектісін дамыту, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру және ішкі жан дүниесін түсіне білуге тәрбиелеу мақсатында «Жан әлемін түсінейік» атты кинорубрика өткізілді. 

Іс-шара барысында педагог мамандарға тұлғалық даму, достық, отбасылық қарым-қатынас, жауапкершілік және мейірімділік тақырыптарын қамтитын тәрбиелік мәні терең қысқаметражды және көркем фильмдер көрсетілді. Көрсетілімнен кейін мұғалімдермен  ашық пікір алмасу, сұрақ-жауап, кейіпкерлердің әрекеттеріне талдау жасау арқылы психологиялық талқылау жүргізілді. 

Бұл кинорубрика мұғалімдердің  өзін және өзгелерді түсіну, эмоцияны басқару, дұрыс шешім қабылдау дағдыларын дамытуға оң әсерін тигізді.

   Онкүндік барысында  «Жарық жүрек» тақырыбындағы арт-терапия сабағы оқушылардың ішкі жан дүниесін ашуға, эмоциялық күйін тұрақтандыруға және шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталды. Сабақ барысында балалар саусақпен бояу арқылы өз сезімдерін, көңіл-күйлерін еркін түрде қағаз бетіне түсірді. 

            Арт-терапияда дәстүрлі құралдардан тыс саусақпен бояу әдісін қолдану оқушылардың сенсорлық қабылдауын, ұсақ моторикасын дамытты және өз ойын еркін білдіруге мүмкіндік берді. Әрбір бала жүрек бейнесін түрлі түстермен бейнелей отырып, мейірімділік, жылулық, махаббат ұғымдарын өзінше жеткізді.

Эльмира ДАРХАНОВА,

Арнайы –педагог.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *