KASPI.KZ ҚҰРЫЛТАЙШЫЛАРЫ ҚОРҒА 10 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ АУДАРДЫ

Kaspi.kz және компанияның тең құрылтайшылары Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе «Қазақстан халқына» қорына 10 миллиард теңге аударды деп хабарлайды aqparaqnews.kz порталы.

 

Мәжіліс отырысында Мемлекет басшысы «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құруды тапсырды. Kaspi.kz және компанияның тең құрылтайшылары Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе қорға 10 миллиард теңге аударды.

Қорға аударылған қаржы азаматтардың денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларындағы мәселелерін шешуге бағытталады.

Қордың арқасында төтенше жағдайларда және төтенше жағдай енгізілген кезде зардап шеккен халыққа көмек көрсетіледі деп жоспарланы жатыр. Сондай-ақ қор сирек кездесетін ауруға шалдыққан балаларды емдеуге көмек көрсетеді, әлеуметтік-мәдени нысандардың құрылысын қаржыландырады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған