2026 жылғы 2 маусым күні Қ. Дәрімбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушылары Қазақстан тарихы пәнінен қорытынды емтихан тапсырды. Бұл емтихан – мектеп бітіруші түлектердің оқу жылдары бойы жинақтаған білімдерін саралап, тарихи таным деңгейлерін бағалайтын маңызды кезеңдердің бірі.

Қорытынды емтихан Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бекітілген талаптары мен кестесіне сәйкес ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді. Емтихан барысында оқушылар Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар мен тарихи үдерістер бойынша білімдерін көрсетіп, өздерінің дайындық деңгейлерін дәлелдеді.
Қазақстан тарихы – жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін қалыптастырып, туған елдің өткені мен бүгінін терең түсінуге мүмкіндік беретін маңызды пән. Сондықтан аталған емтихан оқушылардың тек теориялық білімін ғана емес, тарихи деректерді талдау және қорытынды жасау қабілеттерін де бағалауға бағытталды.
Емтиханның әділ әрі талапқа сай өткізілуі үшін барлық қажетті жағдайлар жасалып, мектеп әкімшілігі тарапынан тиісті бақылау жұмыстары жүргізілді. Оқушылар емтихан барысында тәртіп сақтап, өз білімдерін сенімді түрде көрсете білді.
Бүгінгі бітіруші түлектер – еліміздің ертеңгі тірегі, болашақ мамандары. Сондықтан олардың сапалы білім алып, жоғары нәтижелерге қол жеткізуі – қоғам үшін маңызды міндеттердің бірі.
Мектеп ұжымы барлық түлектерге алдағы емтихандарда сәттілік тілейді. Жастарымыз білім мен ғылым жолында биік белестерді бағындырып, ел дамуына өз үлестерін қоса берсін.
Білімді ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі!
А.Агайдарова,
Мектеп директоры.
