
Республика күніне орай » Қ. Дәрімбаев атындағы 41 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектеп әкімшілігі мен мектеп парламентінің оқушылары ардагер ұстаз, зейнеткер Шыңғысбаева Хадиша апайдың шаңырағына арнайы барып, хал- жағдайын сұрап, ақжарма тілектерін жеткізіп, сый- сыяпат табыстады.
Бұл игі шараның басты мақсаты- ардақты ардагерлерімізге құрмет көрсету, олардың еңбегін бағалау, үлкенге ізет , кішіге өнеге боларлық ізгі дәстүрді дәріптеу.
Қарияларымыз — өмірдің мәнін ұғындыратын, өткенің өнегесін бүгінге жеткізетін асыл қазынамыз.Оларға құрмет көрсету — баршамыздың адамдық парызымыз.
Хадиша апайымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық,көңіліне шаттық тілейміз! Әрдайым ортамызда аман — есен жүріп, ұрпақтың құрметіне бөлене берсін!
Үлкенге құрмет — ұрпаққа міндет, қарттарға қамқорлық — адамгершіліктің белгісі!
У. КУДАЙБЕРГЕНОВА,
Қ. Дәрімбаев атындағы мектептің аға вожатыйы.
