Жетісай ауданы білім бөліміне қарасты»№77жалпы білім беретін Келешек мектебінде отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы рухани байланысты нығайту мақсатында ерекше іс-шара ұйымдастырылды. Атап айтқанда, ата-ана мен оқушы бірлесе отырып, Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» шығармасын оқыды.

Бұл игі бастама барысында ата-аналар мен балалар кітапты бірге талқылап, кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға беріп, өз ойларымен бөлісті. Әсіресе, Бердібек Соқпақбаев шығармасындағы балалық шақтың шынайы көрінісі, тәрбиелік мәні қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.
Әділ- қазы алқалары:
1. Асықата аймақтық балалар кітапханасының меңгерушісі:
Қантаева Гүлмира Өсербайқызы.
2. М. Мәметова атындағы №33 жалпы білім беретін мектептің кітапхана меңгерушісі : Телбаева Айгуль Шахуалиевна
3. №77 жалпы білім беретін мектептің кітапхана меңгерушісі:
Сафарбекова Кулайша
Осындай тағылымы мол шаралар арқылы біз оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, ата-аналардың да бала тәрбиесіндегі рөлін айқындай түсетінін түсіндірді.
Марапаттау сәтінде:
I орын- Теледидар
Ата- анасы: Зиядуллаева Муниса
Қызы: Сапарали Жансая
II орын- Қысқа толқынды пеш
Ата- анасы:Байтиллази Жазира
Қызы: Бахрам Раяна
III орын- Шаңсорғыш
Ата- анасы: Бегайдарова Нүрзипа
Немересі: Бақыт Балауса
Шын жүректен құттықтаймыз!
Сыйлыққа демеуші:
Мектеп директоры:
Калибеков Нұрғали Дүйсенұлы
Дина АГМАНОВА,
Гүлжахан АБСЕНОВА,
«№77 ЖББМ» КММ Ұйымдастырушы-педагогы.
