КӨКТЕМГІ АҢШЫЛЫҚ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҒЫҢЫЗ ҚАЛАЙ?

Аң аулау қағидасына сәйкес және «2021 жылдың 1 шілдесі мен 2022 жылдың 1 шілдесі аралығында жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 05 маусымдағы №133 бұйрығын басшылыққа ала отырып:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/157 бұйрығымен бекітілген Аң аулау қағидасына сәйкес жүзеге асырылады. Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекцияның 2022 жылғы 17 ақпандағы №12-Н санды Бұйрығымен облыс аумағындағы бекітілген аңшылық аумақтарында ҚР-ның “Қызыл кітабына” енгізілген түрлерінен басқа даланың жабайы аталық үйректеріне үстіміздегі жылдың наурыздың 1 мен 15 аралығында, күнтізбелік 15 күндік мерзімге әуесқойлық (спорттық) мақсатта олжалау үшін 2022 жылғы көктемгі аңшылық маусымын ашылғанын хабарлайды.
Аңшыда төмендегідей құжаттар болған жағдайда әуесқойлық (спорттық) аң аулауға жол беріледі.
1) аңшы куәлігі;
2) жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсат;
3) аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамалары;
4) аңшылық атыс қаруын қолданып аң аулаған кезде – азаматтық қару мен оның патрондарын сақтауға, сақтау мен алып жүруге жеке тұлғаларға берілген рұқсат;
5) аушы жыртқыш құстармен аң аулаған кезде – аушы жыртқыш құстың паспорты болған кезде жүзеге асырылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған